Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Название сайта
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/tolebi-togyzbaev.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Мектеп тарихы

Ауыл мектебінің бүгінгі бет бейнесін жаңа қырынан көрсетіп келе жатқан Т.Тоғысбаев атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі Түркістан облысы, Төлеби ауданы Тасарық ауылында орналасқан. Мектептің алғашқы оқу ғимаратының ірге тасы 1903 жылы қаланған. Алғашқы жылдары шіркеу жанындағы сауат ашу мектебі ретінде жұмыс істеген.

Кеңес өкіметі орнағаннан кейін саут ашу мектебі бастауыш мектепке айналды. 1935-1950 жылдар аралығында жеті жылдық білім беру мекемесі ретінде қызмет атқарған. 1955-1997 жылдар аралығында кеңес өкіметін орнатушы революционер Блинковтың есімімен аталды. Мектептің оқу материалдық жағдайын жақсарту мақсатымен 1956 жылы екі сынып бөлмесі салынып пайдалануға берілді. 1963 жылы Путь Ильича ұжымдық шаруашылығының демеушілігімен тоғыз сынып бөлмесі, мұғалімдер бөлмесі және директор кабинетінен тұратын мектептің жаңа оқу корпусы пайдалануға берілді. 1955-1973 жылдар аралығында мектеп сегіз жылдық білім беру мекемесі ретінде қызмет атқарды. 1973 жылы Блинков орта мектебі он жылдық білім беру мекемесіне айналды.

1982 жылы мектептің үш қабаттық оқу корпусыпайдалануға берілді. 1997 жылы ауылымыздан түлеп ұшқан белгілі қылқалам шебері, қайраткері, суретші Тоқболат Тоғысбаевтың есімі мектебімізге берілді.

Қазіргі таңда мектепте 54 мұғалім еңбек етеді. Оның ішінде 8 педагог зерттеуші,12 педагог сарапшы,10 педагог модератор,3 жоғары санатты,3 бірінші санатты, 6 екінші санатты ұстаздар.

МЕКТЕПТІ БАСҚАРҒАН АЗАМАТТАР:

Т.Тоғысбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшылық еткен азаматтар:

Аталмыш мектепті 1930-1950 жылдар аралығында басқарған азаматтар туралы мәлімет сақталынбаған.

1950-1960 жылдары Аманжолов Сайлау басшылық етті.

1960-1968 жылдары Байымбетов Қаппар

1968-1970 жылдары Нафикова Зинаида

1970-1976 жылдары Сейітов Жамбыл

1976-1982 жылдары Әмірханов Керімхан

1982-1985 жылдары Темірбеков Асқар

1985-1994 жылдары Байсеитов Мақұлбек

1994-1996 жылдары Шатыров Нұралы

1996-2010 жылдары Мушатов Көпжасар

2010-2018 жылдары Сайлауұлы Раджу

2018 жылдан бері Мушатов Нұрмахан

Баймбетов Қаппар 1929 жылы 15қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір ауданы (қазіргі Төлеби ауданы) Ұзынарық елді мекенінде дүниеге келген. Ауылдағы орта білім беретін мектепті аяқтаған соң, Шымкент қаласындағы мұғалімдер дайындайтын оқу орнына түскен. 1955-1958 жылдары Қырғызстан Мемлекеттік педагогикалық институтында тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алып туған жеріне оралады. Өзінің еңбек жолын Диханкөл мектебінен бастап, одан кейін Куйбышев мектебінде одан соң Совет және Блинков (қазіргі Т.Тоғысбаев атындағы) орта мектептерде тарих пәнінің мұғалімі қызметін атқарған. 1960-1968 жылдары Блинков орта мектебінде директор қызметін атқарған.

Сеитұлы Жамбыл, 15 Мамыр 1940 жылы Төлеби ауданы,Жаңаұйым ауылында дүниеге келгенмін. 1957 жылы орта мектепті, 1962 жылы Шымкент педагогикалық институтының тіл әдебиет факультетін бітірдім. 1964-1966 жылдары Екпінді, Ақжар орта мектептерінде орыс тілі пәнінің мұғалімі болып еңбек еттім. . 1970 жылдың қыркүйек айынан 1976 жылы қаңтар айына дейін Блинков орта мектебінің директоры болып қызмет атқардым.Төлеби аудандық атқару кеңесінің 5 рет депутаты болып сайландым. Еңбегім елеусіз қалаған жоқ.2006 жылы Төлеби ауданының мәслихаты «Төлеби ауданының Құрметті азаматы» атағын берді. . Бүкіл саналы өмірімді, білімімді еліміздің болашақ азаматтарын қалыптастыруға жұмсадым. Шәкірттерім бүгінде еліміздің өсіп-өркендеуіне лайықты үлестерін қосуда.

Әмірханов Керімхан 1924 жылы 25 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Төлеби ауданының Кеңес-арық ауылында дүниеге келді. Әмірхан Керімхан 18 жасында өз еркімен соғысқа аттанып 1943-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. 1-ші Екпінді армия құрамында соғысты. . Ұлы Отан соғысы кезінде ерлік істері үшін « Ұлы Отан соғысы» орденімен және 1944-5-26, 1945-2-17 жылдары 2 рет ерлігі үшін «Ерлігі үшін» медальмен награтталды. . 1949 жылы Шымкентегі Мемлекеттік Крупская атындағы мұғалімдік институының «Тарих» бөлімін оқып, 1958 жылы түсіп, 1961 жылы бітіреді. Соғыстан кейін Кеңесарық мектебінде мұғалім болды, 1961-1966 жылдары аудандағы Майбұлақ және Сайрам-су мектептерінде директор болып жұмыс істеді. . 1967-1968 жылдары халық депуттары Қасқасу ауылдық кеңесінің атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. 1968-1976 жылдары осы аудандағы «Путь-Ильича» колхозының партия комитетінің хатшысы болып істеді. 1976-1982 жылдары Блинков орта мектебінің директоры қызметін атқарды.

Темірбеков Асқар Айнабекұлы 1946 жылы 5 ақпанда Ленгір қаласында дүниеге келген.1953-1964 жылдары «1 Мамыр» мектеп-интернатында білім алған. . 1965 жылы Шымкент қаласындағы Шымкен педагогикалық институтының физика факультетіне оқуға түседі. Институтта үздік оқып, 1968 жылы қызыл дипломмен бітіріп шығады. Алғашқы еңбек жолын 1969 жылы Талдықорған облысы, Қапал ауданы «Ю.А.Гагарин» атындағы орта мектепте мұғалім болып бастады. 1971-1975 жылдары осы аталған мектептің оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарған 1976 жылы Төлеби ауданындағы «Блинков» мектебіне ауысып, 1978 жылға дейін осы мектепте директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1978 жыл «Халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгімен марапатталады.1978 жылы «Карл Маркс» (қазіргі Қайнар орта мектебі) орта мектебінде директоры қызметіне тағайындалады. Осы мектепте 1982 жылға дейін басшы болып жұмыс жасады. 1982-1985 жылдары «Блинков» (қазіргі Т.Тоғысбаев) орта мектебінде мектеп директоры болып қызмет етті.

Байсейтов Мақұлбек 1935 жылы Шымкент облысы, Ленгір ауданы Кергетас ауылында дүниеге келген. Орта білімді Көксәйек ауылындағы орта мектепте білі алған. 1953-1955 жылдар аралығындағы Шымкент қаласындағы мұғалімдер институтында қаза тілі және әдебиет мұғалімі мамандығы бойынша білім алып шықан. 1956-1957 жылдары осы институтта орыс тілі және әдебиеті пәндері мұғалімі мамандығы бойынша түсіп 1960 жылы бітіріп шықты. 1960-1964 жылдар аралығында Қазығұрт ауданындағы Абай жалпы орта мектебінде қызмет атқарды. 1965-1970 жылдар аралығында Ленгір ауданындағы Куйбышев жалпы орта мектебінде қызмет атқарды. 1970 жылы осы аудандағы Карл Маркс мектебінде директор болып тағайындалды. Осы қызметті 1975 жылға дейін абыроймен атқарды. 1975-1983 жылдар аралығында Куйбышев жалпы орта мектебінде директор болып қызмет атқарды. . 1985-1994 жылдары Блинков орта мектебінің директоры қызметін атқарған. 1994 жылы өмірден озды. 

Шатыров Нұралы Наранұлы 01.01.1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Оңтүстік ауылында дүниеге келген.

Жамбыл педагогикалық институтын 1976-1980 жылдары бітірген.

Жұмыс барысын 1980 жылдың шілдесінен Ленгір ауданындағы «Калинин» атындағы орта мектебінің физика және математика пәнінің мұғалімі болып бастаған, 1986 жылы ақпанынан бастап осы мектептің мектеп директорының орынбасары болған. 1987 жылдың қыркүйегінен бастап Төлеби ауданындағы «Диханкөл» орта мектебінің мектеп директорының орынбасары, 1988 жылдың қарашасынан бастап Төлеби ауданыныдағы «Ұзынарық» орта мектебінің директоры,1994 жылдың тамызынан бастап Төлеби аудандағы «Блинковка» атындағы орта мектеп директоры, 1996 жылдың наурыз айынан бастап Төлеби аудандық білім бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Өмірінің 3 айында өмірін қайта тәрбие ісіне бөліп, Ленгір қалалық кәсіптік мектепте директор болды. . Қамшыдай өрілген қысқа ғұмырында қаншама жастарды білімге құштарлаған, осыны жұмыс барысында Қазақстан Республикалық «Білім беру үздігі» белгісімен 1994 жылы ел басымыз Н.Ә.Назарбаев марапаттаған.

Мушатов Көпжасар 1950 жылы Леңгір ауданы Оңтүстік ауылында дүниеге келген. . 1965-1967 жылдары Қасқасу ауылындағы «Куйбышев» жалпы орта мектебін оқып бітірді.1967 жылы Жамбыл қаласындағы педагогикалық институтын физика математика факультетіне түсіп 1972 жылы бітірді. 1972-1974 жылдары Қызыбілек орта мектебінде математика пәнінен мұғалімдік қызмет атқарды. 1974 жылдан бастап Блинков орта мектебінде математика пәнінен мұғалім болып еңбек етті.1983-1986 жылдары және 1990-1996 жылдары аралығында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 1996-2010 жылдар аралығында Т.Тоғысбаев атындағы жалпы орта мектеп директоры қызметін атқарды.

Раджу Сайлауұлы 1966 жылы 15 қарашада Төлеби ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген.. Еңбек жолын 1987 жылы Шымкент қаласындағы №15 кәсіптік училищеде мұғалім болып бастады. 1988-1995 жылдары Төлеби аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде жаттырықтырушы. 1995-2001 жылдары спорт мектебінің 2001-2004 жылдары Б.Түлкиев атындағы ЖОМ директров, 2008-2010 жылдары Тасарық ауылдық окургінің әкімі, 2010-2018 жылдары Т.Тоғысбаев атындағы ЖОМ директоры қызметтерін атқарды. 2018 жылдан бастап Төлеби аудандық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы болып қызмет атқарып келе жатыр. 2001 жылы Төлеби ауданының « ЖЫЛ АДАМЫ» атағын иеленген. 2015 жылы Үздік директор атанса, облыстық мәслихаттың құрмет грамотасымен, облыс және аудандық мәслихаттардың құрмет грамоталарымен марапатталған. 

МЕКТЕПТЕН ШЫҚҚАН БЕЛГІЛІ ТҰЛҒАЛАР

Осы жылдар белесінде мектебімізді мыңдаған түлектер бітіріп үлкен өмірге жолдама алды.Еліміздің әр алуан аймақтарында абыроймен еңбек етіп, құрметке бөленді.Мектеп түлектері алуан түрлі мамандық иелері болып елге танылды.Мектеп түлектері ғылым қайраткерлері, әскери қызметкерлер, білім саласының мамандары ,медицина саласының қызметкерлері және әкімшілік мамандары болып қызмет атқаруда.мектебіміздің атын асқақтатқан түлектер:

Өнер саласында: ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Ерболат Төлепбаев, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Қалқабаев Мұрат, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Қалқабаев Қанат

Ғылым саласында: биология ғылымдарының докторы Байжанов Мұхтар Құтынбекұлы, филология ғылымдарының кандидаты Қалқабаева Салима, биология ғылымдарының кандидаты Халикова Гүлмира, филология ғылымдарының кандидаты Халикова Нұрила, техника ғылымдарының докторы Кембаев Мақсат,медицина ғылымдарының кандидаты Тоқбергенова Света.

Әскери салада: Оралбаев Нұрмахан полковник, ұлттық жасұлан кадр бөлімінің басшысы,Тоқбергенов Ғани-подполковник, Жанақбаев Берік- подполковник, Шәйнеков Нұржігіт-подполковник, Мушатов Нұрбек-подполковник,Шәйнеков Әліхан-подполковник,Темірбеков Ғабит-полиция майоры.

Журналистика саласында: Дина Хангелдиева-«Төлеби таңы» газетінің бас редакторы,аудандық мәслихат депутаты.Сайдов Шуддин-Отырар телеканалының журналисі.

Медицина саласында: Тоқбергенов Нұраш –білікті дәрігер хирург,Ұмытбаева Гүлнар- білікті дәрігер нейрохирург,Тоқбергенова Жанар-білікті дәрігер педиатр,Тасходжаева Құралай-білікті дәрігер ревматолог, Тоғысбаев Ербол-білікті дәрігер терапевт.

Әкімшілік саласында: Өмір Шыныбекұлы-Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі, Дүйсебаев Сержан-Төлеби ауданы әкімінің орынбасары,Шәйнеков Әбдінұр –Бірлік өндірістік кооперативінің төрағасы, аудандық мәслихат депутаты,Алтынбеков Бақтыбек-Тасарық ауылдық округінің әкімі.

Кәсіпкерлік саласында: Ұмытбаев Мұрат-«Бірлік» ЖШС директоры,Абаев Руслан-туристік фирма президенті,Танабаев Сабыржан-жеке кәсіпкер,Мүтәліп Ошақбай Серік –жеке кәсіпкер, Абаев Бағдат-жеке кәсіпкер,Абдуев Амин-жеке кәсіпкер.

Тұрғынбаев Бауыржан-еркін және қазақша күрестен облыстық,республикалық жарыстардың жүлдегері.

Ақмаханов Балатай-қазақша және самбо күресінен облыстық және республикалық жарыстардың жүлдегері.

Умаров Асланбек-дзюдо күресінен республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері.

Мушатов Нұрбек-дзюдо күресінен республикалық, халықаралық жарыстардың жүлдегері.

Құрмашов Сапарғали-дзюдо күресінен республикалық,халықаралық жарыстардың жүлдегері.

Кембаев Дәулет-қазақ күресінен Қазақстан Республикасының жеңімпазы.

Алтын белгі.

Соңғы үш оқу жылында мектебімізден 7 Алтын белгі иегері шықты.

МЕКТЕПТІҢ ЖҰМЫС БАҒЫТЫ

Мектеп ұжымы әр оқушыға заман талабына сай сапалы білім мен тәрбие беруді өз жұмысындағы негізгі борышы деп санайды. Оқушылар заман көшінен қалып қоймау үшін ос ызаманға сай жаңа инновациялық технологияларды білім беру процестеріне енгізуде.Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты- бәсекеге қабілетті маман дайындау екендігін түсінген мектеп ұжымы осы талаптың үдесінен шығу үшін аянбай еңбек етуде. Орыс педагогы К. Д. Ушинский айтқандай,қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім,өз білімін жетілдіріп,ескі,бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да тиімді болары сөзсіз.Бүгінде мектебімізде жаңа технологияларды меңгеріп, білім сапасын көтеру мақсатында, жеті пән бірлестігі құрылып түзілген жоспар бойынша жұмыс жүргізуде. 

Мушатов Нұрмахан 1975 жылы 1 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір ауданы (қазіргі Төлеби ауданы) Тасарық ауылында дүниеге келген. 1982-1992 жылдар аралығында Блинков орта мектебінде оқыды. 1992 жылы Алматы технологиялық университетіне оқуға түсіп 1998 жылы аяқтады. . 2001-2003 жылдар аралығында Төлеби аудандық спорт мектебінде бокстан жаттықтырушы болып еңбек етті. 2003-2007 жылдар аралығын 2007 жылы педагог-психолог мамандығы бойынша Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетіне оқуға түсті. 2007-2011 жылдар аралығында Т.Тоғысбаев атындағы жалпы орта мектебінің педагог-психологы болып қызмет етті. 2011-2014 жылдар аралығында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2014-2018 жылдар аралығында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек етті. 2018 жылы маусымнан бері Т.Тоғысбаев атындағы жалпы орта мектептің директор болып қызмет атқаруда.

Мектептің кәсіподақ ұйымының төрағасы: Аққұлов Бекболат Мақсатұлы